Сіздің ауруыңыздың тарихын толық және мұқият зерттеу үшін дәрігер қабылдауына келгенде бұрын өткен зерттеулер мен емдеу туралы барлық ақпаратты алып келгеніңіз жөн (бар болған жағдайда: стационарлық емнің көшірмесі, амбулаторлы карта, талдаулардың қорытындылары).
ДӘРІГЕР ҚАБЫЛДАУЫНА ҚАНДАЙ ДАЙЫНДЫҚПЕН КЕЛУ ҚАЖЕТ

ДӘРІГЕРДІҢ БІРІНШІЛІК ҚАБЫЛДАУЫНА ҚАНДАЙ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН АЛЫП КЕЛУ КЕРЕК?
Алғашқы диагноз қоюды жылдамдату үшін дәрігердің біріншілік қабылдауына төмендегі талдаулар мен зерттеулердің актуальді (соңғы 10 күн ішіндегі) қорытындыларын алып келген дұрыс:

ДӘРІГЕР ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ?
Дәрігер қабылдауының ұзақтығы 30 минуттан 60 минутқа дейін. Сізге және басқа да науқастардға ыңғайлы болу үшін дәрігер қабылдауына белгіленген уақытта келуіңізді сұраймыз.
Келе алмаған жағдайда алдын-ала ескертіңіз, бұл әрекетіңізбен Сіз басқа көмекке мұқтаж науқастың сіздің уақытқа жазылып, дәрігерге келуіне мүмкіндік бересіз.
БҮЙРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАСЫ
Бүйрек ауруларының басым бөлігі жасырын түрде және ұзақ уақытқа дейін арнайы көрініссіз өтеді. Бұдан басқа, артериалды қан қысымының жоғарылауы, қант диабеті, буындардың, терінің, бауырдың және т.б. зақымдалуымен жүретін ішкі мүшелердің көптеген аурулары кезінде де бүйректер зақымдалуы мүмкін. Бірақ, жай ғана жалпы зәр талдауының өзі бүйрек жағынан өзгеріс бар екенін анықтауға көмектесе алады.
Бүйрек ауруын дер кезінде анықтау үшін келесі жағдайлар кездессе зерттеуден өтуге шақырамыз:
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
Емдеу тәжірибесімен қатар Қазақстаннның әртүрлі өңірлеріндегі клиникаларға арнайы дәрігер-нефрологтарды дайындайтын, Қазақстан Республикасының жетекші профессор-нефрологтары осы клиникада қабылдау жүргізеді.

Кабулбаев Кайрат Абдуллаевич

Канатбаева Асия Бакишевна
